Жамбыл облысында дизель құйылған цистерналар өртенді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса ауылындағы "Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді. Бұл туралы хабарлама Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне 12 сағат 4 минутта түсті.
Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты.
Өртті сөндіруге барлығы 75 қызметкер мен 21 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар оқиға орнында құрамында 7 адам және 2 бірлік техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.