14 сәу, 2020 сағат 12:31

Жамбыл облысында карантиндегі үш адамнан COVID-2019 анықталды

14 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирусты жұқтырудың жаңадан үш оқиғасы анықталды. Олардың үшеуі де бұған дейін науқастармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға алынғандар, деп хабарланды облыс әкімдігігінің ресми сайтында.

Науқастардың бірі – 1965 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Ол 10 сәуір күні карантинге орналастырылған. Алынған зертханалық талдаулар қорытындысы COVID-2019 инфекциясын растады.

Сондай-ақ, карантиндік стационарда жатқан Жамбыл ауданының 1999 және 1970 жылы туған екі тұрғынының да талдаулары оң нәтиже көрсетті.

«Індет анықталғаннан кейін науқастар ем алу үшін инфекциялық стационарға жеткізілді.

Байқаныста болған тұлғаларды және жұқтыру қаупі бойынша мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылды», - делінген ақпаратта.

Жалпы облыс бойынша коронавирус жұқтырудың 49 оқиғасы тіркелген. Оның 6-ауы Делиден ұшып келген жолаушылардан анықталды. Сондай-ақ, Тараз қаласында 6 оқиға, Қордай ауданында – 30, Жамбыл облысында – 3, Меркі ауданында – 2, Шу және Мойынқұм аудандарында – бір-біреуден тіркелген.