27 там, 2021 сағат 15:15

Жамбыл облысына шымкенттік құтқарушылар аттанды


Жамбыл облысында орын алған төтенше жағдайға байланысты көмекке шымкенттік құтқарушылар аттанды. Бұл туралы қалалық ТЖД ресми мәлімет таратты.

Департаменттің мәліметінше, төтенше жағдайға байланысты Шымкенттен 8 техника мен 33 адам жөнелтілген. 

«Шымкент қ. «ӨСжАҚЖҚ« ММ – 7 техника (оның ішінде 1 техника қызметтік машина, 5 техника автоцистерна және 1 техника КАМаз-43 114 НЕФАЗ) және 29 адам аттанып кетті. Апаттар медицинасы орталығының филиалы – 1 техника және 3 адам жөнелтілді. Шымкент қаласы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жетіп, қазіргі таңда Жамбыл облысы Байзақ ауылындағы Сыдық Абланов атындағы мектептің жанында қызмет істеп жатыр» делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.