29 там, 2016 сағат 15:41

Жақып Асанов орган қызметкерлерінің айыпталушыларға неліктен қол жұмсайтынын айтты

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кінәсін мойындамаған айыпталушыларды ұрып-соғуға дейін барады. Себебі, бұл – қылмысты әшкерелеудің ең жылдам тәсілі деп есептейді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов. Мұндай деректерді Бас прокурор «Конституция – қоғам және мемлекеттің серпінді және тұрақты дамуының негізі» атты халықаралық конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бас прокурордың айтуынша, ұрып-соғуға қатысты істердің 70%-ын прокурорлар тексереді. 5 жылда құқық қорғау органдарының 146 қызметкері сотталды.

Кім және не үшін қол жұмсайтындығын, олардың уәждері қандай екендігін анықтау үстіндеміз. Әзірге бірнеше өзекті себеп анықталды.

Бірінші – қылмыстық процестің басты мақсаты – қылмысты ашу. Қылмысты ашудың жылдам жолы – мойындату, дегенмен, дамыған елдерде бастысы – тергеудің сапасы мен толықтығы», - дейді Ж.Асанов.