Фото: Polisia.kz
Ақмола облысында зейнеткерлердің сеніміне кіріп, 9 млн теңгесін алдап алған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығында тұратын қарт ерлі-зайыптылар жүгінді. Зейнеткерлер 9 млн теңгеден астам ақша қаражатын тартып алған әйелдің құрбаны болғанын хабарлады.
Алаяқ 2022-2024 жылдар аралығында әр түрлі сылтаулармен ерлі-зайыптылардан өз қажеттіліктеріне ақша алып келген. Күдікті ретінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 32 жастағы жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын анықталды.
Қаскүнемге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.