Экибастұз қаласының тұрғыны белгісіз біреу оның есепшотынан 13 миллион теңге ұрлағаныны туралы шағымданған, деп хабарлайды Ult.kz.
Фото: ult.kz коллажы.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында зейнеткер аурухананың инсульт бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның палатасында бірнеше науқас болған және олардың барлығы тергеуші тарапынан тергелген.
«Полицейлер әлгі палатада зейнеткердің банктік мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, шотынан ақша ұрлаған жас әйелді анықтады. Күдікті кінәсін мойындап отыр», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып отыр.