Фото: Kazpravda.kz
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері жария етілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдерінің көлемі туралы ақпарат берді,- деп хабарлайды Ult.kz.
2024 жылы республикалық бюджеттен 3 триллион 752,1 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде 1 триллион 182,3 миллиард теңге базалық зейнетақыға, 2 триллион 569,8 миллиард теңге ынтымақты зейнетақыға жұмсалған.
2025 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 миллион 451 мың адамды құрайды.
"2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге", – делінген хабарламада.
