"Зерде" холдингі таратылды. Премьер-министр Әлихан Смайылов қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы 5 тамызда Үкімет "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ны таратуды көздейтін қаулы қабылдады. Бұл құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі сайтында жарияланады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Зерде" холдингін таратуды ұсынған болатын. Министр Үкімет отырысында "Зерде" тобын реформалау 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта басталғанын айтқан еді.