Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.
"Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін", - деді Зеленский.
Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.
7 наурызда кешке Белорусьте өткен Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Ол үш сағатқа созылды.
840 рет оқылды