Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келісім Украинаның қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
"Ресеймен бітім шарты екі құжаттан тұруы мүмкін. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты болуы керек", - деп келтіреді "Страна.ua" Зеленскийдің сөзін.
Ресей барлығы осы мәселелерді қамтитын бір құжатта болғанын қалайды, деді Зеленский.
"Алайда бәрі Ресейдің келісімге келеріне сенімсіздік білдіріп жатыр. Олар үшін Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру - бір мәселе, ал Ресеймен келісім жасау - басқа мәселе", - деді Украина президенті.