Yessenov University-де 1800 түлекке диплом табысталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Салтанатты рәсім алғаш рет халықаралық стандарттарға сай жаңа форматта ұйымдастырылды. Үздік үлгерімімен 43 студент қызыл диплом алды.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. Университет президенті Берік Ахметов оқу орнының халықаралық беделі артып келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, Yessenov University 2025 жылы алғаш рет QS World University Rankings жаһандық рейтингіне енді. Бүгінде университет түлектері өңір мен ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді.