13 қыр, 2021 сағат 12:16

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Қытайлық Тайбэйден жеңілді


Бүгін Жапонияның Тиба қаласында Қазақстан құрамасының қатысуымен волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, қазақстандық волейболшылар D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Қытайлық Тайбэй және Сауд Арабиясы. 

Бүгін қазақстандық волейболшылар Қытайлық Тайбэймен кездесіп, қарсыласына 0:3 (20:25, 22:25, 19:25) есебімен есе жіберді.

Азия чемпионаты 12-19 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Құрлықтық додада 16 құрама төрт топқа бөлінген. 

А тобында Жапония, Үндістан, Катар, Бахрейн, B тобында Иран, Пәкістан, Иран, Гонкон, С тобында Қытай, Австралия, Кувейт, Шри-Ланка құрамалары шеберлік байқасады.