20 мам, 2024 сағат 18:40

Вайнер Мейіржан Төребаев үйіне неге жіберілді? – ҚАЖД түсініктемесі


Фото: Instagram/meirzhach_tv


Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушы Мейіржан Төребаевтың неге үйіне жіберілгенін түсіндірді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


№44 мекемеде жазасын өтеп жатқан Мейіржан Төребаевқа анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді.


«Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қауіпсіздігі ең төмен мекемелерде жазасын өтеушілер мекеменің әкімшілігіне жеті тәуліктен аспайтын мерзімге оның шегінен тыс жерде жүруге қажетті уақытты есептемегенде, мекеме әкімшілігіне жүгінуге құқылы»,-деп хабарлады ведомстводан. 


Бұған дейін қаржы пирамидасын құрды деп сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева әлеуметтік желіде күйеуі мен балаларының видеосын жариялаған болатын


Айта кетейік, былтыр маусым айында Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бап бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді.