10 қыр, 2021 сағат 13:15

Вакцина: Елорда тұрғындарына тағы да үндеу жасалды


Елорда тұрғындары халықты тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығын қорғау үшін жақын арада вакцинациядан өтуге шақырады. Осылайша, ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл карантин мен шектеу шараларынсыз өмірге қайта оралуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. Инфекция жұқтырғандар саны көп. COVID-19 жұқтырғандар қатарының азайғанына қарамастан, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр. Бұл жағдайдан шығудың жалғыз кепілдендірілген жолы екпе болып саналады. 

«Пандемия екі жылға жуық уақытқа созылды. Үміт үзілуге шақ қалғанда вакцина жасап шығарды, енді, мен отбасымның қауіпсіздігі мен денсаулығына алаңдамаймын. Мәселен, қазір олармен саябақта еркін жүре аламын», - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Марлен Азаматұлы.

Пандемия қызмет көрсету саласының жұмысына да әсер етті. Мәжбүрлі карантиндік шектеулер кәсіпкерлік объектілерінің ғана емес, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің табыс деңгейіне де кері әсерін тигізді. Елорданың қоғамдық тамақтану мекемелерінің қызметкерлері де азаматтарды мүмкіндігінше тезірек вакцинациядан өтіп, қалыпты өмірге оралуға шақырады.

«Екпенің арқасында біз қонақтарымыз бен өзіміздің денсаулығымыз үшін алаңдамаймыз. Жақын арада біз қандай да бір шектеусіз толық қуатта жұмыс істей аламыз деп үміттенемін және соған сенеміз», - деді «Көктем» кафесінің даяшысы Зинаида Тимошина.

Пандемия басталғаннан бері әсіресе, дәрігерлер мен медбикелерге үлкен күш түсті. Медицина мекемелерінің қызметкерлері екінші жыл қатарынан пациенттердің денсаулығы мен өмірі үшін күн сайын күресіп келеді. Енді екпе сияқты қуатты қару пайда болғаннан кейін, олар қауіпті инфекциядан қорғанудың бұл жолын тезірек қолдануға шақырады.

«Вакцинация – бұл қазіргі жағдайдан шығудың бірден-бір жолы. Тек коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бізге қауіпсіздікті және қалыпты өмірге оралуды қамтамасыз ете алады. Мен баршаңызды бірігуге және ұжымдық иммунитет қалыптастыруға шақырамын», - деді №7 қалалық емхананың терапевті Әлия Өскенбекова.

Айта кету керек, бүгінгі таңда елордада COVID-19 вирусына қарсы екпенің бірінші компонентін 416 500 азамат алды, ал 355 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті.