Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова Қазақстанда коронавирусқа қарсы қолданылатын вакциналардың тиімділігі туралы статистиканы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әуелі Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов коронавируспен бірнеше рет ауырғандардың санын атады.
«Коронавируспен қайталап ауырғандардың саны 23 мың адамдай болады. Былтырғы наурыздан бастап қайталап ауырып, емделгендердің саны осынша. Соның ішінде 3 200 адам стационарлық ем алғандар. Қалған 20 мың адам жеңіл формада ауырып, емхана деңгейінде ем алған», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов.
Зәуре Ахметованың айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі 0,1 пайыз болса, екінші компонентін алғаннан кейін ауырғандардың үлесі – 0,2 пайыз.
«Коронавируспен ауырғандардың статистикасын қарасақ, 99,9 пайызы вакцина алмағандар. Тек 0,1 пайызы ғана вакцина алғаннан кейін ауырған. Оның саны – 20 211 адам. Вакциналардың түріне қарай жіктесек, бірінші компонент алып ауырғандардың саны – 7 070 адам», - деді комитет өкілі.
Оның ішінде «Спутник V» алған 6 108 адам (0,1 пайыз). Бұл вакцинаны 5 млн 669 855 адам алған.
QazVac вацинасын 172 707 адам алған. Оның ішінде 172 адам ауырған (0,1 пайыз).
Hayat-Vax алғандар саны - 529 349 адам. Оның ішінде 553 адам ауырған (0,1 пайыз).
CoronaVac екпесін алғандар арасында 218 адам ауру жұқтырған (0,1 пайыз). Жалпы бұл вакцинаны алғандар саны - 249 373 адам.
«Екінші компонент алғанннан кейін 13 141 адам ауырған. Бұл – 0,2 пайы», - дейді Зәуре Ахметова.
Оның ішінде «Спутник V» алған 4 млн 912 195 адамның 11 101-і ауырған (0, пайыз).
QazVac вацинасының екінші компонентін алған 113 730 адамның 231-і ауырған (0,2 пайыз).
Hayat-Vax алғандар саны - 472 463 адам. Оның ішінде 1 448 адам ауырған (0,1 пайыз).
CoronaVac екпесін алғандардың 341-і ауру жұқтырған (0,15 пайыз).