21 сәу, 2022 сағат 13:32

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкіл тағайындалды


Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Марат Зеникенұлы Сыздықов 1966 жылы 27 сәуірде Щучинск қаласында дүниеге келген.

С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын және Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 

Өзінің еңбек жолын Целиноград қаласындағы №7 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 

1992-1998 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы қызметін атқарды. 

1998-2000 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы, ал 2000-2002 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының халықаралық процестерді талдау және болжау секторының меңгерушісі болды. 

2010-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 

2014 жылдан 2019 жылға дейін ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші-уәкіл ретінде жұмыс істеді. ҰҚШҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. 

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.