22 қыр, 2020 сағат 07:42

Ұйғыр ауданында салынып жатқан нысан опырылып құлады

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түсті. Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған. 

«2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.