Нұр-Сұлтанда үстіне конструкция құлап, зардап шеккен әйел 10 күннен аса уақыт ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Науқастың жағдайы әлі де ауыр, дәрігерлердің бақылауында болады, жансақтауда жатыр. Дәрігерлер ешқандай болжам жасай алмайды. Әйел ауруханаға бас жарақатымен өте ауыр жағдайда түсті. Бірден медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл ота жасалды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
22 қазанда Сығанақ көшесіндегі "Номад" ТК ғимаратындағы сауда үйінің кіреберісінде әйелге конструкция құлаған.