20 қар, 2023 сағат 15:35

Алматы облысының полицейлері бопсалаушылар тобын ұстады

Фото: Polisia.kz

Алматы облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірлесіп, Алматы және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бопсалаушылар тобын ұстады, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Топта 21-46 жас аралығындағы жеті адам болған.

"Бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша тіркелген. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 наурызында Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінің аумағында жоғарыда аталған топтың қатысушылары шетелдік азаматқа қатысты күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған, – дейді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.

Ұсталғандар қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", – деді Дулат Қайыр.