20 там, 2016 сағат 10:56

Усама бен Ладен туралы кітап авторы 6,6 млн айыппұл төлейді

«Әл-Каида» террорлық тобының жетекшісі Усама бен Ладеннің көзін жоюға арналған әскери операция туралы кітап жазған арнайы жасақтың отставкадағы жауынгері құпия ақпаратты таратқаны үшін АҚШ билігіне $6,6 млн төлейді. Әскери қызметте жүрген кезде ол тиісті құжаттарға қол қойған, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Кітап авторы Марк Оуэн деген бүркеншік атпен шыққан. Шын аты – Мэт Биссонетт. Кітапты жарыққа шығармас бұрын автор Пентагон және басқа да мекемелерге ондағы құпия мәліметтердің бар-жоғын тексеруге рұқсат бермеген. Осыдан кейін билік өкілдері оны сотқа берді. Сот кезінде екі тарап мәмілеге келді. Оған сәйкес, Биссонетт төрт жылдың ішінде билікке $6,6 млн. доллар айыппұл төлеп беруге міндетті. Бұл аталған кітапты сатудан түсетін пайдамен бірдей.

2011 жылы 2 мамырда бірнеше жыл жасырынып жүрген Усама бен Ладен пәкістандық Абботабад қаласында америкалық арнайы жасақтың құпия операциясы кезінде мерт болды.