04 нау, 2025 сағат 10:18

Үржарда ана мен сәби өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Фото: Depositphotos

Үржар ауданындағы перзентханада 34 жастағы келіншек босану кезінде қайтыс болып, ішіндегі шақалақ та шетінеген, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

Қайғылы жағдай 30 қаңтар күні болған. Төртінші баласын босануға кеткен Гүлнәр Қайратқызы ауруханадан аман шықпаған.

Ана мен бала өлімінен кейін ауданның бас дәрігері қатаң сөгіс алып, оның екі орынбасары қызметінен қуылған. Ал медициналық сараптама әйелдің ішіне қан кету салдарынан көз жұмғанын анықтаған. Енді марқұмның туыстары кінәлі медицина қызметкерлері заңға сай жазасын алсын деп талап етіп отыр.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.