Фото: видеодан кадр
Әлеуметтік желілерде МҰТП «Бұйратау» қызметкерлері Нұрлан Шахатов пен Қанат Әлжановтың екі, мүйіздері түйісіп қалған арқарды құтқарған сәті түсірілген бейнеролик пайда болды. Арқарлардың мүйіздері шатасып, әлсіреп қалған, деп хабарлайды Ult.kz.
"Қазіргі уақытта арқарлар арасында күзгі күйек маусымы жүріп жатыр, сол кезеңде аталықтары ұрғашылар үшін қызу күрес жүргізеді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, МҰТП «Бұйратау» Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағында орналасқан. Арқарларды Астана қаласының маңындағы Ақмола облысының Ерейментау филиалында құтқарған.