12 мау, 2025 сағат 15:30

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Фото: ашық дереккөз

Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған Airbus A320 ұшағы ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ult.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әуе кемесі қажетті ұшу биіктігіне жетпей, әуежай маңындағы тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлаған.

Ұшақта 240-тан астам жолаушы болған. Қазіргі таңда олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ, зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы деректер нақтылануда.

Оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдай қызметтері жіберіліп, құтқару жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар қирандыларды аршып, медициналық қызметкерлер зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.

Апаттың себептері әзірге анықталған жоқ, тергеу жұмыстары басталды.