02 шіл, 2021 сағат 18:35

Үнді штамын жұқтырған науқастарды қалай емдейді?


Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың «үнді» штамымен ауыратын науқастар бөлек емделмейтінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үнді штамын жұқтырғандарды бөлек жатқызып, бөлек ем жүргізбейміз. Ондай нұсқа қарастырылмаған. Бүгінгі күні емдеу хаттамасы іс жүзінде бірдей. Вирусқа қарсы терапия, сондай-ақ басқа әдістер қолданылады. Негізі бұл сұрақ дәрігерлерге бағытталуы керек. Мен айта алатын жалғыз нәрсе - бұл бұрынғы штамдардан айырмашылығы, бұл жерде диарея симптомы қосылды. Жалпы, емдеу британдық штамм және басқа да нұсқалары сияқты жүзеге асырылады», - деп жауап берді Жандарбек Бекшин.