10 нау, 2023 сағат 19:09

Үміткерлер экспромт-кездесу өткізді


«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Алатау» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізді. Онда сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасындағы кешенді жобаларды таныстырып, партияның көпшілікті толғандырған өзекті мәселелерді қалай шешуді көздеп отырғанын кеңінен түсіндірді. 

Экспромт-кездесуде кандидат Нәжмадин Шамұратов: «AMANAT» партиясынан үміткерлердің тізімі 75%-ға жаңарды. Біздің қатарымызда нақты бір аймақтың ерекшелігін жақсы білетін және түрлі салада қызмет етіп жүрген беделді азаматтар бар. Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы – бүге-шүгесіне дейін есептелген және жүзеге асатын құжат. Яғни, біз тыңғылықты дайындалдық және халықпен бірге алға қойған мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдіміз», - деді.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Рашид Ибраев партияның сайлауалды бағдарламасында шалғайдағы және қалаға жақын орналасқан елді-мекендерді дамытуға ерекше назар аударылып отқандығын айтып өтті. Оның ішінде көгілдір отын мен ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.


Жиында сөз алған үміткер Ержан Ескендір партия мүшелерінің басты міндеті – өңіріміздегі тұрғындардың көкейкесті мәселелерін талқылап қана қоймай, олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін оларды шешу жолдарын іздестіру екендігін жеткізді.

«АМАNAT» партиясы аймақтың қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, 2027 жылға қарай Қызылорда облысын әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті, экономикасы қарқынды дамыған, тұрғынға жайлы аймақ ретінде дамытуды алдына мақсат етіп қойды. Аталған мақсаттарға және тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін партияның Орталық деңгейден бастап, өңірлердегі барлық саяси әлеуеті жұмылдырылатын болады. Сіздердің қатысуларыңызбен біз жоспарларымызды іске асырып, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартатынымызға сенімдіміз», - деді Ержан Ескендір.

Үгіт-насихат соңында қала тұрғындары тұрғын үй, әлеуметтік көмек және тағы да басқа тақырыптар бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді