05 шіл, 2021 сағат 13:28

Ұлытаудағы өрт: Фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды


Ұлытау ауданында жарияланған Төтенше жағдайға байланысты комиссия құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Өрт далаға тарауда. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ. Жағдай Қарағанды облысы ТЖД тұрақты бақылауында. Өртті жою бойынша операцияны басқару ТЖ болып жатқан ауданға келіп жеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды. 

Ұлытау ауданының үш округіндегі дала өрттерін жоюға 216 адам және 28 бірлік техника тартылды.

Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр.