12 мау, 2020 сағат 07:57

Ұлықтау рәсіміне бір жыл - ҚР Президентінің Телерадиокешені бейнеролигі

ҚР Президентінің Телерадиокешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінен бір жыл өтуіне орай бейнеролик әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәл осы күні, бір жыл бұрын, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Осыған орай біздің шығармашылық тобымыз бейнеролик дайындады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2019 жылы 12 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына ант берді. 

«Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді: Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау - менің басты мақсатым», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне ресми кірісу рәсімінде.