07 қыр, 2022 сағат 19:44

Ұлыбританияның жаңа үкіметінде министрлер тағайындалды


Сейсенбі күні кешке Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс жаңа үкімет министрлерінің лауазымын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Breitbart басылымына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Тереза Коффи Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрі және премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Үкіметтегі орталық, маңызды әрі жетекші лауазымдарға жауапты болып келген Кваси Квартенг қазынашылық канцлері немесе қаржы министрі болып, Джеймс Клеверли – сыртқы істер министрі, Суэлла Браверман ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. 

Бен Уоллес қорғаныс министрі қызметінде қалды. Оның Борис Джонсон үкіметі тұсында Украинадағы жағдайды реттеудегі жұмысы жоғары бағаланды және Тори басшылығы үшін күресте айтарлықтай сабырлы бола білді. 

Брэндон Льюис әділет министрі болды.