12 қыр, 2022 сағат 15:21

Ұлыбританияда II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты ұлттық мереке жарияланды

Фото: ©РИА Новости

Патшайым Елизавета ІІ-нің жерлеу күні Ұлыбританияда ұлттық мереке болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Король Чарльз III дүйсенбі, 19 қыркүйекті Ұлыбританияда ұлттық мереке деп жариялау туралы бұйрықты ресми түрде бекітті. Букингем сарайы мен Ұлыбритания Үкіметі бұл мереке тұрғындарға, кәсіпорындарға және басқа ұйымдарға патшайым билігін құрметтеуге мүмкіндік береді деп мәлімдеді.

Король анасы жерленген күнді демалыс күні деп жариялағанымен, заң британдық жұмыс берушілерден қызметкерлерге демалыс беруді талап етпейтіні атап өтілген.

"Үкімет жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қолданыстағы келісімшартқа араласа алмайды. Дегенмен, біз көптеген жұмысшылар мереке күндері демалыс алады деп ойлаймыз. Сондай-ақ, біз жұмыс берушілер жерлеу күнінде демалыс алғысы келетін жұмысшылардың өтініштеріне жауап береді деген үміттеміз", - делінген хабарламада.

Жерлеу күні мектептер мен мәдениет мекемелері жабылады, бірақ ауруханалар мен соттар ашық болады.

Жерлеу рәсіміне әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекет басшылары шақырылған, сонымен қатар британдық жоғары лауазымды саясаткерлер мен бұрынғы премьер-министрлер де қатысады.