29 сәу, 2022 сағат 18:23

Ұлыбритания Шығыс Еуропадағы жаттығуларға қатысу үшін 8 мыңнан астам әскерін жібереді


Мамыр айында британдық армияның 8 мыңға жуық қызметкері Шығыс Еуропадағы әскери жаттығуларға қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат британдық БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Exercise Hedgehog» оқу-жаттығуы мамыр айында басталады және британдық әскерлердің Эстония-Латвия шекарасында қозғалуын және НАТО-ның 18 000 әскерін, соның ішінде Ұлыбритания жетекшілік ететін аймақтағы НАТО тобының бөлігі болып табылатын Франция мен Дания әскерлерін қамтиды. 

Жаттығуға 72 Challenger-2 танкі, 12 AS90 шынжыр табанды артиллерия және 120 Warrior брондалған жауынгерлік машинасы қатысады, деп хабарлайды Gov.uk үкімет сайты. 

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Еуропаның қауіпсіздігі бұрынғыдан да маңызды екенін атап өтті. 

«Бұл оқу-жаттығуда біздің әскерлер НАТО одақтастарымен, серіктестерімен және Біріккен Экспедициялық Күштермен қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең ірі бірлескен жаттығулардың бірінде ынтымақ пен күште күш біріктіреді. Еуропада әрекет ете отырып, Британ армиясы біздің мүмкіндіктеріміз бен ортақ құндылықтарымызды біріктіріп, бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлес қоса отырып, серіктестеріміздің жанында болады», - деді Ұлыбритания Қорғаныс министрі мәлімдемесінде.