01 нау, 2025 сағат 17:26

Ұлттық Құрылтайдың құрамында өзгерістер болды


Фото: Ақорда


Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, - деп хабарлады Ақорда.


Ұлттық құрылтай жұмысына жаңадан қоғам өкілдері тартылды:


– Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова;
– Мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтай;
– Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев;
– Қаржыгер, NAC Analytica төрағасы Расул Рысмамбетов;
– Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дания Қыдырбаева.


Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Т.Керімқұлов, А.Ерниязова, Н.Қоянбаев, С.Досжанова шықты.


Елдің түкпір-түкпірінен келген Ұлттық құрылтай мүшелері Астанада бас қосқанын жазған болатынбыз.