08 мау, 2022 сағат 19:06

Ұлттық құрылтай қашан өтетіні белгілі болды


Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді. Бұл жайында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Telegram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді. Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау» деді ол жазбасында.

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы бір айдан кейін өтетінін айтқан еді.