21 мау, 2022 сағат 12:12

Ұлттық құрылтай идеялар ұсынатын алаң болмақ – Мемлекеттік кеңесші


Ұлттық құрылтай қоғамды ұйыстыру жолында идеялар ұсынатын диалог алаңы болмақ. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин youtube каналында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық құрылтай қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында идеялар ұсынуға және оны жүзеге асыруға бағытталған диалог алаңы болмақ. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлер, білім, медицина, мәдениет, адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар мүше болды. Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігі – оған әр өңірдегі қоғамдық кеңестерден бір өкіл мүше болып кірді. Осылайша аталған диалог алаңы барлық қоғамдық кеңестердің түйіні болып отыр», - деді Мемлекеттік кеңесші.