24 шіл, 2019 сағат 09:25

Ұлттық экономика министрлігі Facebook-тегі парақшасының бұзылғандығын растады

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы бұзылғандығын растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұдан бұрын айтылған Facebook әлеуметтік желісіндегі біздің ресми парақшамыздың бұзылғандығы туралы ақпаратты растаймыз. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің осы парақшаға және онда орналасқан ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ. Жақын арада аталған әлеуметтік желідегі ресми парақшамыздың ашылғандығы туралы сіздерге хабарлаймыз», - деп атап өтілген ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, ведомствоның ресми парақшасы биылғы 23 мамырдан бері пайдаланылмай келеді.

Осы орайда министрліктің ресми ақпаратын https://economy.gov.kz/ сайтынан алуға болатындығы нақтыланды.

Сонымен қататар ведомство мына әлеуметтік желілерде тіркелген:

https://twitter.com/economy_gov_kz

https://www.instagram.com/economy_gov_kz/

https://www.youtube.com/mnerk

https://telegram.org/economy_gov_kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Ильясов осы телефон нөмірі бойынша байланыста болады: (+77172) 742942.