20 жел, 2016 сағат 12:45

Ұлттық банк төрағасы 2017 жылғы инфляцияға болжам жасады

- Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев келесі жылғы инфляцияға болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы 2 айда инфляция белгіленген 6-8%   дәлізге жетіп, 2017 жыл бойы дәліз ішінде болады», - деді Д.Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, Қазақстанның экономикасы айырбастау бағамының жаңа талаптарына бейімделген.

«Жылдық инфляция бір таңбалы мәнге дейін төмендеді. Соған сәйкес 2016 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша инфляция 1,2%, ал жыл басынан -  7,5% деңгейінде қалыптасты», - деді Д.Ақышев.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысынла  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылу қорытындысы баяндалды.