Шаһар тұрғындары Үлкен Алматы өзенінің қызыл түске боялғанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қанқызыл түске боялған Үлкен Алматы өзенінің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Бұл - Үлкен Алматы өзені. Су қызыл. Мен осы өзеннің бойында тұрамын. Он жыл ішінде мұндайды бірінші рет көруім. Шамасы, химиялық заттар тасталған. Бұл - экологиялық апат», - деп жазды бейнежазба авторы.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта Үлкен Алматы өзенінің бойында мамандар жүр. Олар Райымбек даңғылының аймағында судың түсі сәл қызғылт екенін мәлім етті.
Тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.