02 қар, 2020 сағат 14:15

Үлескерлердің қатысуымен үй салуға құқылы компаниялар тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй салуға рұқсат алған компаниялардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәлім етілгендей, жыл басынан бері қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы үлескерлердің ақшасын тарту арқылы тұрғын үй салуға 21 рұқсаттама берген. Рұқсаттама алған компаниялар туралы жаңа мәліметті басқарманың сайтынан көруге болады. 

«11 құрылыс компаниясы көпқабатты үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлерден ақша жинауға рұқсат алды. Ал 10 компания – екінші деңгейлі банк жобасына қатысу бойынша», - деді елорда әкімдігінен.

Еске сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына ортақ қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:
1. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу
2. Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу
3. Тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлерден ақша жинау.

Үлестік құрылыстың әлеуетті қатысушысы (сатып алушысы) үлескерлерден қаражат тартуға арналған рұқсаттардың болуын тексеруге және Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен кеңесуге құқылы.