09 шіл, 2024 сағат 16:51

"Улану мен уландыруға қатысты күдік бар...": Ермұрат Бапи ауырып қалғанын айтты


Фото: Мәжіліс баспасөз қызметінен

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ауырып қалғанын, әлі нақты диагнозы белгісіз екенін айтады, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!" - деп жазады депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.


Бір мандаттан сайланған Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи оппозициялық "Дат" газетінің бас редакторы болған, көп жылдық тәжірибесі бар журналист. Ол депутат болып сайланғалы Парламент мінберінен өзекті мәселерді көтеріп, өткір сөйлеп жүр. Ол "Ескі Қазақстан" мен Назарбаев әулеті, сондай-ақ діни радикал ұйымдар туралы жиі мәселе көтереді.