Фото: Ұлан Аманбекұлының жеке мұрағаты
Құрылтай сайлауы жазда өтетіндігі белгілі. Саяси науқан кезінде париялар бір-бірімен бәсекелесіп жүріп негізгі миссиясын естен шығарып алып жүрмей ме? Бұл сұраққа «Ауыл» партиясының Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Абдыханов Ұлан Аманбекұлы жауап берді.
"Өздеріңіз білесіз партиялардың негізгі үміті – қоғам сеніміне ие болу. Соның нәтижесінде Құрылтай құрамына көбірек өкіл өткізу. Осы арқылы олар өз бағдарламаларын жүзеге асырып, мемлекеттік шешімдерді қабылдауға ықпал ету. Сонынмен қатар, сайлау нәтижесінде саяси бәсекелестік өсіп, жаңа идеялар мен тың бастамаларға жол ашылады деген де сенім бар.Жалпы, партиялар үшін бұл сайлау – тек бәсеке алаңы ғана емес, сонымен қоса халықпен жақындасудың, өз ұстанымдары мен көзқарастарын нақты көрсетудің маңызды мүмкіндігі деп ойлаймын", деді Ұлан Аманбекұлы сұхбат кезінде.
