Орталық сайлау комиссиясы көп мандатты жалпымемлекеттік сайлау округіндегі Украина халық депутаттарының кезектен тыс сайлауы қорытындысының 100% электрондық хаттамасын қарап шықты, деп хабарлайды Укринформ агенттігі.
Бұған ОСК сайтында көрсетілген мағлұматтар дәлел.
Аталмыш нәтижеге сәйкес, «Слуга народа» партиясына сайлаушылардың 43,16% дауыс берген.
«Опозиционная платформа – За жизнь» партиясы 13,05%, «Батьківщина» - 8,18%, «Европейская солидарность» - 8,10%, «Голос» партиясы 5,82% жинаған.