12 сәу, 2022 сағат 12:35

Биыл Украинада көктемгі әскерге шақыру науқаны болмайды


Дүйсенбіде Украина президенті Владимир Зеленский биыл көктемгі әскерге шақырудан бас тарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Құжат мәтіні Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланған. 

Онда 2021 жылғы 29 желтоқсандағы «Шұғыл әскери қызметкерлерді запасқа ауыстыру, кезекті әскерге шақыру мерзімдерін өткізу және 2022 жылы Украина азаматтарын кезекті әскерге шұғыл шақыру туралы» жарлыққа өзгерістер енгізу қарастырылған. 

Мәтінде елде сәуір-маусым айларында әскерге кезекті шақыру күнін белгілейтін тармақтар алынып тасталды. 

Сондай-ақ, жарлықта бұрын әскери қызметке шақырылғандарды демобилизациялау кейінге қалдырылғаны жазылды. 

Оларды запасқа ауыстыру «белгіленген тәртіпте демобилизациялау туралы хабарландырудан ерте емес» өтетіні атап өтілген. 

24 ақпан күні Украинаның барлық аумағында әскери жағдай енгізілді. 

15 наурыз күні Рада оның мерзімін 26 наурыздан бастап тағы 30 күнге ұзартты.