Украина Ресеймен келіссөздер уақытша тоқтағанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Бұл туралы Украина Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк украиналық телемарафон эфирінде мәлімдеді. Оның айтуынша, процесс тоқтатылды, бірақ бұл тараптар келіссөздер үстеліне енді отырмайды дегенді білдірмейді.
"Қазір ол тоқтатылды, өйткені Стамбул коммюникесінен кейін ешқандай алға жылжу жоқ. Ресей Федерациясы әлі де стереотипті ойлайды. Бірақ кез келген соғыс келіссөздер үстелінде аяқталады және менің ойымша, Зеленский мырза бұл процесті модерациялайды", - деді Подоляк.