17 қаң, 2025 сағат 14:17

ҰҚК операциясы: Қазақтанға техника деп контрабанда өткізбек болғандар әшкереленді

Фото: depositphotos.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан елге заңсыз темекі бұйымдарын әкелмек болғандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Ult.kz, Massaget.kzке сілтеме жасап.

15 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті.

"Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 50 миллион теңгеден асады.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.