16 мам, 2025 сағат 14:19

ҰҚК операциясы: 200 келі жарылғыш зат тәркіленді


Фото:gov.kz


ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестірумен жарылғыш заттардың заңсыз айналымы арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды ҰҚК Баспасөз қызметі.


Жүргізілген іс-шаралар барысында 200 келі аммиак селитрасы (60 келі тротилдік баламасында), сондай-ақ 200 дана жарылғыш-капсулалары бар детонациялық сымдар табылып, тәркіленген.


"Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдалануға арналған", - делінген хабарламада.


Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.