22 қаң, 2025 сағат 13:30

ҰҚК мен ІІМ 10 өңірде арнайы операция өткізді

Фото: polisia.kz

21 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операцияны аяқтады, - деп хабарлайды Ult.kz, Polisia.kzке сілтеме жасап.

Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүзеге асырылды. Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды.

“Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген. Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 кг-нан астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді. Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын атап өткен жөн. Жедел іс-шаралар жалғасуда”, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.