10 қаң, 2022 сағат 13:31

ҰҚК: Алматы, Талдықорған, Тараз және Қызылордадағы басып алынған барлық әкімшілік нысан азат етілді


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Талдықорған, Тараз және Қызылордадағы басып алынған барлық әкімшілік нысандар азат етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерекше маңызды, стратегиялық нысандар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. 

Содырлар мен жаппай тәртіп бұзушылардың баспанасы болуы мүмкін орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттің іздерін анықтау және жинау жұмыстары да жүргізілуде.