26 сәу, 2024 сағат 18:14

ҰҚК Алматы облысындағы заңсыз зертхананы анықтады


Фото: ҰҚК баспасөз қызметі


Алматы облысында психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана жойылды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2024 жылғы 17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.


"Тінту барысында шамамен 35 келі синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар жәнезертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.