Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
«Бүгін біз мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерін талқылау үшін кездесіп отырмыз. Мен бұл туралы жұрт алдында сөйлеген сөздерімде, үндеулерімде айтып жүрмін. Мен ұсынған бес институционалдық рефоманың бесіншісі Үкіметке экономика саласында қосымша атқару функцияларын беруді қарастырады. Ал Президенттің құзыретінде қорғаныс, сыртқы саясат, мемлекеттік басқару, Конституцияны қорғау, мемлекеттік билік арасындағы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету қалады. Бірақ біз бастапқыда Президентке көп өкілеттік бердік. Көп заңдарда осылай болған, яғни, 45 өкілеттік. Содан ол тағы 30 өкілеттікке толықты. Енді өкілеттікке қатысты шешім қабылдау үшін оны үкімет пен Парламентке жіберуге болады», — деді Назарбаев.
Мемлекет басшысы әуелде Қазақстан Президентінің құзыретіне берілген өкілеттіктердің санын азайту мәселесіне тоқталды.
«Мысалы, бағдарламаларды бекіту, Үкіметтегі кадрлық тағайындаулар, басқарудың жаңа органдарын құру сияқты өкілеттіктер Үкімет пен Парламенттің құзыретіне өтуі мүмкін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару жүйесінде Парламенттің рөлін арттыру қажеттігін де айтты.
Біздің жағдайда Үкіметті жеңген партия немесе фракция құрады. Осылайша, Парламенттің Үкіметке қатысты рөлі көп мәселе бойынша қайта қарастырылуы керек деді, Елбасы.