14 мау, 2020 сағат 11:38

UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық қыз жаңа қарсыласын айқасқа шақырды

Қазақстандық Мария Агапова UFC-дегі алғашқы айқасының үшінші минутында америкалық Ханна Сайферсті жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сілтеме жасап.

Осы айқастан соң ол бірінші кезекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және өз командасына алғыс айтты. 

Содан кейін жекпе-жек туралы және келесі қарсыласы туралы сөз қозғады. 

«Менің арманым орындалды, осы үшін барымды салдым. Көп жұмыс істеп келемін. Шэна Добсон, менен қашқаныңды қой. Айқас өткізейік, сені күтемін», - деді Агапова. 

Айта кетейік, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Мария Агапова - әлемге танымал промоушендегі алғашқы қазақстандық спортшы қыз. 

Ол осы жылдың ақпан айында Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырған болатын. 

Бүгін таңертең ол UFC турнирінде бірінші рет алаңға шығып, жеңіске жетті.