27 там, 2021 сағат 11:45

ТЖМ: Жамбылдағы өртке қажет болса, тікұшқақтар дайын тұр


ҚР Төтенше жағайлар министрлігі Жамбыл облысы Королевка кентінің әскери қоймасындағы өртті сөндіруге тікұшақ ұсынуға дайын. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қорғаныс министрлігінің ресми сұрау салса, өртті сөндіру үшін тікұшақтар ұсынуға дайын», - деп жазылған ресми мәліметте.

Министрліктің дерегі бойынша, әскери қоймадағы төтенше оқиғаның салдарын жоюға өзге өңірлерден мамандар тартылған.

«Алматы қаласынан құрамында 6 техника мен жеке құрамның 22 адамы бар жасақ, Түркістан қаласынан апаттық медициналық орталықтың 1 техникасы, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 8 техника мен жеке құрамның 33 адамы бар жасақ және министрліктің апаттық медицина орталығының қызметкерлері келіп жетті. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары қалған өрт ошақтарын сөндіруге, тұрғындарды тұрақты орналасу орнына қайтаруға және теміржол мен автомобиль жолдарын қалпына келтіруге тартылатын болады», - деп жазылған баспасөз қызметінің мәліметінде.

Апат салдарын жоюға министрлік тарабынан мынадай күштер жұмылдырылған:

- ТЖМ - 153 қызметкер, 46 техника, 

- ПД - 400 қызметкер, 54 техника, 

- №28349 ә/б - 8 қызметкер, 2 техника, 

- №5513 ә/б - 273 әскери қызметші, 12 техника, 

- Ұлттық гвардия - 520 адам және 250 адам резервте.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірі өртеніп, артынан жойқын жарылыс болды.